Список статей
Астана - жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала.

Астана - жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала.

 

Ия, бүгінде әлем халқы Қазақстанды бейбітшіліктің мекені, тұрақты дамудың елі деп біледі. Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Астана - жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды.

Қара шаңырақ астында дүниеге келген қазақ көк әлеммен тілдескен үйлерді құтты қонысқа айналдырып, қысылып-қымтырылмай жаһан халықтарымен иық тірестіріп тұратындай дәрежеге жетті. Үшінші мыңжылдық табалдырығын ұлт болып ұйып аттаған қазақ елі болашаққа нық қадам басып, алыс қияндарға жанарын жіті қадайды. Қазақстанды асқар асуларға бет алған керуен десек, Астана оның адастырмас темірқазығы іспетті. Жұлдызы оңынан туған сапардың сәтті болары анық.

Астана сөзінің елдің орталығы мағынысында қолданылуы да тегін емес. Тарих қойнауына саяхаттасақ, қазақ елінің астаналарында атау өзгерту аз болмағанын көреміз. Сонау тың игеру кезінен Целиноград атанып, тәуелсіздіктің ақ таңымен тарихи Ақмола атауын еншілеген Сарыарқа төріндегі қайсар қала бүгінде елорда мәртебесіне орай Астана деп арайландырылып, Есіл жағасында еңсесін тіктеп келеді. Астанамызды әйгілеу - дербестігімізді тағы бір мәрте дәлелдеуімізбен тең. Астананың еліміздің бас қаласы болып жариялануында үлкен саяси-экономикалық мән де жатыр. Өйткені Астана еліміздің кіндігінде, күре жолдардың қиылысында орналасқан.

Биыл Астана қаласының жиырма жылдығы. Бас аяғы осы жылдарда бәйтеректей биіктеген Астананың сұлу күйі әлем назарында. Елорданың түлеу мен түрлену кезеңі әлі алда. Елбасының «Астананың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі»  деген терең тұжырымдамасын қағида етіп ұстанған жасампаз күш иелері қала келбетін одан әрі сұлуландыруда. Еуропаның сәні мен шығыстың нәзік нақышы қатар өрілген, өркениеттің сәтті қабысуы нәтижесінде ажарланып, абаттана түсетін асқақ Астана ұлтымыздың мақтанышына айналды. Экономикалық және саяси-әлеуметтік маңызы зор елорданы осы заманға сай үлгіде абаттандыру - әлемге еліміздің жаңашыл үрдісте дамығандығын, жаһан өркениетінен қалыс қалмағандығын танытады. Қалай дегенімен де Астана Қазақстанның бет пердесі. Сол себепті Астананың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі.

Автор: Джунусова А
Просмотров: 154
Дата создания: 11 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 11 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос