Список статей
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

 

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

Целиноград ауданы, №7 Жаңажол ауылы негізгі мектебі акт залында «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты  жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

ҚР Білім және Ғылым Министрінің бұйрығымен бір күнде бір мезгілде республиканың барлық мектептерінде өткен жиын кешқұрым, жұмыс уақыты аяқталған соң 18:30-да басталды.  Бұл жиналыстың негізгі мақсаты елімізде болып жатқан түрлі өзгерістерді, реформаларды халық арасына кеңінен насихаттау және ата-аналармен тығыз байланыс орнату. Жиында қоғаммен мектептің арасында тікелей байланыс орнату және мектепті жетілдіруге көмек көрсетуге мүмкіндік тудыру үшін «қамқоршылық кеңестерін» құру – негізгі күн тәртібіне қойылды. Бұдан бөлек ҰБТ-ның жаңа форматы, кәсіптік бағдар беру, жаңартылған білім мазмұны бойынша енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде айтылды. Мектеп директоры Қаршыға Қазалиқызы Мауленова жиналыстың күн тәртібімен таныстырып, шәкірттерді сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті, болашағы жарқын болуы үшін жаңартылған білім мазмұны енгізілгендігін айта келе ата-аналарды отбасы күнімен құттықтады.

Іс-шараға Қараөткел ауылдық округінің маманы, аудандық білім беру бөлімінің маманы, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары Қырғызбай Рүстем Қисаұлы «Жыл табыстарымыз,  мақтаныштарымыз» атты баяндамасында мектептің жетістіктері туралы кеңінен баяндап өтті. Жиналыс барысында мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ата-аналарды хабардар етті. Сонымен қатар оқу жылының қорытындысы, 9 сынып қорытынды атестаттау, оқу үрдісін цифрландыру бойынша мектепте атқарылған шаралар кеңінен баяндалды.

     Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Г.Д.Аманжолова «Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы» жайында жоспар бойынша атқарылған жұмыстармен негізгі бағыттар туралы баяндап берді. Ата-аналарға арналған бейнероликтер көрсетіліп, отбасы құндылығы тақырыбында пікіралмасты. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде «Отаным – тағдырым» базалық жобасы бойынша мектебімізде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар берілді.   «Өлкетану» базалық жобасы  бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу бойынша оқушылармен атқарылған шаралар айтылды. Ата-аналарға цифрландырудағы негізгі мақсат туралы мектепте «BilimLand» білім беру ресурсын қолдану,«Күнделік» электронды журналын жүргізудегі мектептердің белсенділігі артып келе жатқандығы жөнінен мәліметтер келтірілді. Сұрақ-жауап кезеңінде түйінді мәселелер ортаға тасталып, оны оңтайлы шешу жолдары қарастырылды.

Жиналыс қорытындысында ата-аналармен ситуациялық сергіту сәті жүргізілді. Ең бастысы жиналыста ата-аналардың белсенділігі жақсы болды. ҰБТ-ның жаңа форматы, кәсіптік бағдар беру, жаңартылған білім мазмұны бойынша келесі жылы енгізілетін сыныптар жөнінде де ақпараттар берілді.

   

Д.Оралбекұлы

№7 Жаңажол негізгі мектебі.

 

Автор: админ
Просмотров: 139
Дата создания: 15 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 15 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос