Список статей
"Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ" кездесу өтті.

"Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ" кездесу өтті.

"Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ" жобасы аясында,сонымен қатар халықаралық отбасы күні апталығы шеңберінде №7 Жаңажол негізгі мектебінде өнегелі,көп балалы және жас отбасылармен "Ынтымағы жарасқан отбасы" атты кездесу өтті.

Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау мемлекеттігіміздің дамуының басты жағдайларының бірі болып табылады. Кездесуге төрағаның бірінші орынбасары Р.Ж.Түлкібаев,аудандық мәслихат депутаты А.А.Тиманов,"Жас Отан" ЖҚ аудандық жетекшісі С.Ө.Мусина,есеп және санақ меңгерушісі Р.Е.Сейдахметов және аудандық филиал кеңесшісі А.Ж.Канапиянов қатысты.

Кездесуге қатысқан әрбір отбасы мүшесі балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы ролінің маңызына тоқталып,өз өмір жолдарының естеліктерімен бөлісті.Атап өтсек Аубакировтар отбасы бүгінгі күні 8 бала тәрбилеп отырса, Абыкадыровтар отбасы 6 бала, ал Мауленовтар мен Аманжоловтар әке жолы ұстаздық жолды үздіксіз жалғастырушылар. Кездесу соңында барлық отбасыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Автор: админ
Просмотров: 64
Дата создания: 3 Июня 2018 г.
Дата редактирования: 3 Июня 2018 г.
www.egov.kz
Опрос